Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
Тұрғын үй мәселесін шешу үшін, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы қабылданды.
Ақтөбе қаласының әкімдігі Бағдарламаны жүзеге асыру аясында, «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 260 салынатын аз қабатты үйлерден пәтер алуға, сонымен қатар 1000 шаршы метр жер учаскесінде салынған жеке тұрғын үй (120-140 шаршы метр) алуға «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» желiсi арқылы рәсімдеуге болады. Ағымдағы жылы (1,2 қабатты) 197 тұрғын үй салынып, қоданысқа берілмек.
Тұрғызылатын үйлердің 1 шаршы метрінің құны 120 000 теңгені құрайды және тұрғын үйді алу «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы тұрғын үй құнының алғашқы 30% салымын сала отырып, жылдық 5% үстемімен банктік қарыз алу жолымен қарастырылған.
Бағдарлама аясында жер кезегінде тұрған азаматтар тек жер учаскелерін алып қана қоймай, дайын үйге қол жеткізе алатын болады. Бағдарлама қатысушыларына екі маңызды шартты орындау қажет:
- жер кезегіндегі азаматтардың тізімінде болуы қажет;
- тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақ салымы болуы қажет.
«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің мамандары және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ-ның өкілдерімен 2-31 мамыр аралығында Т.Ахтанов атындағы Драматеатр ғимаратында, 2006 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тұрған азаматтарға бағдарлама бойынша толық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде және өтініштер қабылдануда. Бүгінгі күнге дейін 2006 жылғы кезекте тұрған азаматтардың ішінен ерікті 172 азамат бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген. Оның 61-і 151,2 шаршы метр тұрғын үйге , 58- і 140,9 шаршы метріне, 32 –і 121,9 шаршы метріне, 21-і 146,7 шаршы метріне өтініш білдірді. Қазіргі уақытта аталған азаматтардың жазған арыздары кезектілігіне сәйкес іріктеліп, төлемқабілеттіліктерін анықтау үшін жолдама беруге әзірленуде. Азаматтар банкке тиісті құжаттарын тапсырып, төлемқабілеттіліктерін растаған жағдайда тұрғын үйлердің алаңына қарай (бағдарлама критерийлерінен өткен) азаматтардың тізімі қайта жасақталып, кезектегі азаматтарға кезегіне қарай тұрғын үйлер берілетін болады.
нурлы жер каз.docx