2017 жылғы қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларытуралы анықтама

2017 жылғы қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
туралы анықтама
Құрылыс (соның ішінде тұрғын үй құрылысы)
2017 жылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 24,5 млрд.теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 107,9 % құрады. Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы облыстың 4 аудандарында Кобда, Мәртөк, Қарғалы, Хромтау және Ақтөбе қаласында байқалады.
«Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде Ақтөбе облысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 2017 жылға арналған тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары 650,0 мың шаршы метрді құрайды. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша 163,9 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 150,4 % құрайды, соның ішінде:
«Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы ҚТҮЖБ бағыты бойынша кредиттік тұрғын үйлер құрылысы (құнды қағаздар шығару жолымен).
Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы жалпы алаңы 75,9 мың шаршы метрді немесе 1278 пәтерді құрайтын алты несиелік тұрғын үйлердің (№14,15,16,22,39,13) құрылысы жүргізіліп жатыр. Кредиттік тұрғын үйлердің құрылысына 2016 жылы 4500,0 млн.теңге көлемінде қаражаттар бөлініп, толығымен игерілді. Ағымдағы жылы жоғарыда көрсетілген тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау үшін 5262,5 млн.теңге көлемінде қаражаттар қажет. Нысандарды пайдалануға беру 2017 жылдың 3 тоқсанына көзделіп отыр.
Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен ЖАО –да кезекте тұрғандарға арналған жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы.
2017 жылға арналған жоспарға сәйкес 6,7 мың шаршы метр тұрғын үйлер құрылысы немесе 97 пәтерді құрайды. (бұл облыс аудандарындағы 1,2 және 8 пәтерлі тұрғын үйлер). Жалдамалы тұрғын үйлер құрылысына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 658,5 млн теңге көлемінде қаражаттар бөлінді. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер өткізілуде.
Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы.
Аталған бағыт бойынша Ақтөбе қаласы Маресьев көшесінде жалпы алаңы 3,5 мың шаршы метрді құрайтын немесе 115 пәтерлі 5 қабатты жатақхана құрылысы жүріп жатыр. Бұл мақсатта 2016 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 565,080 млн.теңге көлемінде қаражаттар бөлініп, тек қана 516,671 млн. теңгесі игерілді. Ағымдағы жылы аталған нысанның құрылысының аяқталуына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 57,408 млн теңге көлемінде қаражаттар бөлінді. Нысанның пайдалануға беру мерзімі 2017 жылдың 2 тоқсанына көзделіп отыр.
«ҚИК» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы.
2017 жылға арналған жоспарға сәйкес 6,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер құрылысы немесе 98 пәтерді құрайды. Нысанның мердігері «Евроремонт» ЖШС. Қазіргі таңда нысанның құрылыс -монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2017 жылдың 4 тоқсанына көзделіп отыр.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған жалдамалы тұрғын үйлер құрылысы.
Аталған бағыт бойынша 10,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер немесе 180 пәтер құрылысы жоспарлануда (бұл Алға және Мұғалжар аудандарындағы 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйлер құрылысы). Бұл мақсатта Ұлттық қордан 1562,0 млн теңге көлемінде қаражаттар бөлінді. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер өткізілуде. Нысандардың пайдалануға беру мерзімі 2017 жылдың желтоқсан айы.
«Бәйтерек Девелопмент» АҚ бағыты бойынша жалдамалы тұрғын үйлер құрылысы.
Аталған бағыт бойынша Батыс-2 шағын ауданында жалпы алаңы 9,3 шаршы метрді құрайтын 10 қабатты 3 кіреберісті 180 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанның мердігері «ТЭК» ЖШС-і. Құрылыстың аяқталуы ағымдағы жылдың екінші тоқсанына көзделіп отыр. Қаржыландыру «Бәйтерек Девелопмент» АҚ қаржыландыру есебінен жүргізілуде.
Коммерциялық тұрғын үйлер.
2017 жылға арналған жоспарға сәйкес 233,0 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үйлер құрылысы құрайды. Есептік кезең бойынша 78,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға беоіліп, 544 отбасын жайлы баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Олар:
«Завод Светотехника» ЖШС «Болашақ» м.ауданының Бөкенбай батыр 129 К көшесінде жалпы алаңы 18646/13868 шаршы метрді құрайтын 9 қабатты 4 кіреберісті тұрғын үйлер, «Керемет Үй» ТҮК Батыс-2 шағын ауданында жалпы алаңы 7553/5832 шаршы метрді құрайтын 5 қабатты тұрғын үйлер, «Актобе Строй Инвест» ЖШС Батыс-2 шағын ауданында жалпы алаңы 6172/4043 шаршы метрді құрайтын 5 қабатты тұрғын үйлер, «Эдельвейс» ЖШС Батыс-1 шағын ауданында жалпы алаңы 8456/4756 шаршы метрді құрайтын 5 қабатты тұрғын үйлер, «Темір» ТҮК «Саяжай» тұрғын үй массивінде жалпы алаңы 11717/10465 шаршы метрді құрайтын 3 қабатты тұрғын үйлер, «Техногрупстрой» ЖШС Мәртөк ауданы Мәртөк селосында жалпы алаңы 328/296 шаршы метрді құрайтын 2 қабатты тұрғын үйлер, «ҰК «ҚТЖ» АҚ Байғанин ауданында жұмысшыларға арналған жалпы алаңы 436/218 шаршы метрді құрайтын екі 4 пәтерлі тұрғын үйлер, «Батыс Бизнес Проект» ЖШС Батыс-2 шағын ауданы «Арбат» тұрғын үйлер комплексінде 1,2,3,4 корпусты жалпы алаңы 14491/14040 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер, «СДС-2012» ЖШС Маресьва 2/1 көшесінде жалпы алаңы 5286/2952 шаршы метрді құрайтын аз отбасыларға арналған 5 қабатты жатақхана құрылысы, ДТКӨК филалы «ТҰК «Казхром» Хромтау қаласында жалпы алаңы 4666/3511 шаршы метрді құрайтын 5 қабатты тұрғын үйлер, «Южпромснаб» ЖШС Хромтау ауданында жалпы алаңы 781/368 шаршы метрді құрайтын жұмысшыларға арналған жатақхана құрылысы.
Жеке тұрғын үйлер құрылысы.
2017 жылға арналған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары – 305,0 мың шаршы метрді құрайды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы алаңы 54,5 мың шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйлер немесе 380 пәтер пайдалануға енгізілді.
«Нұрлы жер» пилоттық жобаны іске асыру ауқымында Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінде тез салынатын шағын қабатты кредиттік тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыру көзделген. Бұл тұрғын үй массивінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленген жалпы алаңы 151 га құрайтын бірнеше шағын аудандар бар, онда пилоттық жобаның 1 кезеңі жүзеге асырылатын болады. Пилоттық жобаның 1 кезеңінде «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінде 423 шағын қабатты жеке тұрғын үйдің құрылысын жүргізу көзделген. Бұл мақсатта шағын қабатты тұрғын үйлерді жобалау жұмыстарына облыстық бюджет қаражаты есебінен 130,0 млн. тенге көлемінде қаражаттар бөлінді. Қазіргі таңда жобаға мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған бағдарлама аясында 2017-2018 жылдары «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінде 2500 отбасыны жайлы баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Таунхаус» үлгідегі 60-қа жуық 3 қабатты шағын кредиттік тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыру көзделуде.
Қаржыландыру «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ арқылы ЖАО құнды қағаздар шығару жолымен жүзеге асырылатын болады.
кантар-акпан.doc