Облысты дамытудың нысаналы индикаторына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының есебі бойынша

Облысты дамытудың нысаналы индикаторына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының есебі бойынша
Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы өзінің қызметін үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады: бұл тұрғын үйлер құрылысы Бағдарламасын іске асыру бойынша қызметті үйлестіру, бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік сала нысандарының құрылысын жүргізу және облыстың елді мекендерін қала құрылыстық құжаттарымен қамтамасыз ету.
Басқармаға екі түйінді индикатор жүктелген бұл «Құрылыс жұмыстарының көлемі» және «Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру».
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9 млрд.теңге немесе 121,1 пайызды құрады. Қобда (699,7 пайыз), Қарғалы (603,1 пайыз) және Хромтау (267,9 пайыз) аудандарында құрылыс жұмыстар көлемінің ұлғайуы байқалған.
2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 133,7 мың шаршы метр тұрғын үйлер (932 пәтер) пайдалануға енгізілді немесе 2016 жылдың сәйкестік кезеңіне 145,0 пайызды құрады. Қарғалы (98,8 пайыз) және Мұғалжар (66,4 пайыз) аудандарынан өзге барлық аудандарда тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу көрсеткіштері орындалған.
2017 жылы бюджеттік қаражаттар есебінен әр түрлі сала бойынша 117 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысына жылдық қаражат көлемі 37,8 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде Ұлттық қордан 20,1 млрд.теңге, республикалық бюджеттен 5,8 млрд.теңге және жергілікті бюджеттен 11,9 млрд.теңге. 2017 жылдың 1 тоқсанында игерілу 2,0 млрд.теңгені немесе 99,7 пайызды құрады.
2017 жылға қойылған мақсаттар
2017 жылға арналған құрылыс жұмыстарын орындау бойынша жоспар 146,0 млрд.теңгені құрады.
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс бағдарламасының аясында ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 650,0 мың.шаршы метрден кем емес тұрғын үйлерді немесе 6000 пәтер пайдалануға енгізу көзделіп отыр. (Анықтама: «Бәйтерек Девелопмент» АҚ (бұл «Нұр Ақтөбе» т/м №14,15,16,22,39,13 кредиттік тұрғын үйлер) ТҚЖБ жүйесі бойынша кредиттік тұрғын үйлер (1278 пәтер) 75,9 мың шаршы метр пайдалануға енгізілетін болады; ЖБ есебінен (бұл облыс аудандарындағы 1,2 және 8 пәтерлі жалдамалы тұрғын үйлер) ЖАО кезекте тұрғандар үшін (97 пәтер) 6,7 мың шаршы метр; халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (180 пәтер) 10,1 мың шаршы метр (бұл облыстың аудандарындағы 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйлер) жалдамалы тұрғын үйлер; «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша (бұл Ақтөбе қаласындағы 5 қабатты жатақхана) 3,5 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үйлер (115 пәтер); «КИК» АҚ жүйесі бойынша 6,5 мың шаршы метр (98 пәтер) жалдамалы тұрғын үйлер («Нұр Ақтөбе» т/м 9 қабатты тұрғын үйлер); «Бәйтерек Девелопмент» АҚ жүйесі(«Батыс-2» 10 қабатты тұрғын үй, «ТЭК» ЖШС); арқылы жалдамалы тұрғын үйлер 9,3 мың шаршы метр (180 пәтер); 233,0 мың шаршы метр (2052 пәтер) коммерциялық тұрғын үйлер («Нектар» ӨК «Батыс» т/массивіндегі коммерциялық тұрғын үйлер, «Соллерс» ЖШС, «Керемет үй» ТҚК, «Завод Светотехника» ЖШС және т.б.); 305,0 мың шаршы метр (2000 пәтер) жеке тұрғын үйлер (Ақтөбе қаласында және облыс аудандарында);
«Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» (№1,1А және 8) тұрғын үй массивіндегі тез салынатын аз қабатты кредиттік тұрғын үйлер (ТҚК технологиясы бойынша, кірпішті орындалуда, газжүйелер және т.б.) құрылысын жүзеге асыру жоспарлануда.
Пилоттық жобаның 1 кезеңінде «Нұр ақтөбе» т/массивіндегі №1А және 8 шағын аудандарында 423 жеке кредиттік тұрғын үйлер құрылысы көзделуде. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдары бізбен «Нұр Ақтөбе» т/массивінің №1 шағын ауданында «Танхаус» типті (153,0 мың шаршы метр) 60 үш қабатты кредиттік тұрғын үйлер құрылысы жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі таңда 3 қабатты тұрғын үйлер бойынша 29 жоба және аз қабатты кірпішті жеке тұрғын үйлер бойынша 124 жоба сараптамада. Үш қабатты тұрғын үйлер бойынша 3 жобаға сараптама қорытындысы алынған, ал қалған үйлер бойынша сараптаманы мамыр айының бірінші тоқсанында алу жоспарланған.
Тұрғын үйлердің 1 шаршы метр құны 120,0 мыңнан асыпайтын болады. Тұрғын үйлер құрылысы кезінде 80 пайыз жергілікті құрылыс материалдарын қолдану көзделген.
2017 жылы тұрғын үй құрылыс аудандарында ИКЖ құрылысына 7,5 млрд.теңге көлеміндегі қаражатты бөлу қарастырылған, оған 270,4 км электр қуатымен, газбен, сумен жабдықтау және кәрізді жеткізілетін болады және облыс аудандарында және Ақтөбе қаласында ЖКҚ үшін 7825-нан астам жер учаскесі берілген.
Әлеуметтік сала нысандарының құрылысы.
Білім беру нысандары бойынша 2017 жылы 9100 оқу орнына арналған 22 мектеп құрылысы жоспарланған, оның ішінен ағымдағы жылы 14 мектеп пайдалануға енгізіледі, ал қалған 8 мектеп 2018 жылға ауыспалы. Сонымен бірге, Темір ауданындағы мектепті бала бақшаға қайта жаңғыртуға аяқтаү үшін қаражат қарастырылған, ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға енгізу жоспарланған.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 2017 жылы 2 нысанның құрылысы жоспарланған, оның ішінде 5 нысан 2018 жылға ауыспалы.
Сонымен қатар облыстың аудандарындағы 5 денсаулық сақтау нысандарын газдандыруға жергілікті бюджеттен қаражат қарасытырлған.
Спорт нысандары бойынша 2017 жылы «Есет батыр атындағы Ақтөбе облысының мамандандырылған көпсалалы лицей-интернат» ҚММ үшін стадион мен спорт залдың құрылысына жергілікті бюджеттің 282,0 млн.теңге қаражаттары бөлінген. Сонымен қатар Қобдау ауданындағы ДСК құрылысын бастауға 120,0 млн.теңге қарасытырлған.
Коммуналдық шаруашылық нысандары бойынша 2017 жылы жергілікті бюджеттің есебінен Мәртөк, Ырғыз және Хромтау аудандарында 4 әкімшілік ғимараттың құрылысын жүзеге асыру көзделген, оның ішінде 1 нысан ағымдағы жылы пайдалануға енгізілген және 3 нысан 2018 жылға ауыспалы.
Мәдениет нысандары бойынша 2017 жылы пайдалануға бере отырып 5 нысанның құрылысын жүргізу көзделген.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы 7 нысанның құрылысы жоспарланған, олар шартта көрсетілген мерзімге сәйкес пайдалануға енгізілетін болады.
Сәулет
2017 жылдың 1 тоқсанында облыс аудандарындағы және Ақтөбе қаласындағы денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет нысандары бойынша 7 әзірленген эскизді жобалар қарастырылған бір облыстық қала құрылыс кеңесі өткізілді.
Аталған кеңестегі эскиздік жобалар бойынша барлық ескертулер ескеріліп, жұмыс тәртібінде жойылуда.
Сонымен қатар, 4 қалалық қала құрылысы кеңесі өткізілген. Әр түрлі саладағы нысандар құрылысы бойынша 94 жобалық ұсыныстар қала бойынша барлық қарастырылған.
Негізінде, жобалар бойынша ескертулер ғимараттар қасбеттерінің колористикалық рәсімдеріне қатысты, қасбеттерді рәсімдеу кезінде қазіргі заманғы әрлеу материалдары қолдануда, бірінші қабатта жапсарлас салынған және ішіне салынған-жапсарлас салынған кәсіпкерлік қызметінің нысандарын қарастыру қажет, аумақтарды абаттандыру, сондай-ақ автокөлік үшін ұйымның жеткілікті тұрақ орнын ұйымдастыру.
Облыстық қала құрылысы кеңесін тоқсан сайын өткізу жоспарлануда, ал қалалық материалдардың келіп түсуіне байланысты өткізілетін болады.
Каз.docx