2016ж. 01.10. Ақтөбе облысындағы қала құрылысына бар құжаттамасының жәй-күйі

Ақтөбе облысындағы елді-мекендердің бекітілген бас жоспарлармен, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен және
дамыту мен оған кұрылыс салудың схемасымен (бас жоспардың оңайландырылған нұсқасы)
қамтамасыз ету туралы АҚПАРАТ
Ағымдағы жылы облыс орталығы Ақтөбе қаласының бас жоспары қайта жаңартылып Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілді.
Сонымен қатар облыстың барлық 12 аудан орталықтарының және аудандық маңызы бар 3 қаланың (Ембі, Жем, Темір) бас жоспарлары жаңартылып қайта бекітілген.
Облыстағы тұрғындар саны 5 мыңнан асатын 9 ауылдық елді мекеннің 8-і жаңартылған бас жоспармен қамтамасыз етілген немесе 88,9 % құрайды.
Ал тұрғындар саны бес мың адамға дейiнгi 336 ауылдық елді мекеннің 44-нің бас жоспарлары бар немесе 13,1% құрайды.
2014-2015 жылдары 5 елді мекеннің тұрғын үй массивтерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бекітілді (Шалқар ауданы Мөңке би с., Бегімбет с., Бозой с., Шалқар қ., Қарғалы ауданы Петропавловка с.).
2015-2016 жылдары Ақтөбе қаласында 15 егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бекітілді.