Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылатын жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылатын жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізілуде. Акцияға «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-і қатысуға ниет білдіріп, ағымдағы жылдың 22 тамызында Ақтөбе облысының әкімдігі ғимаратының 238 кабинетінде басқарма басшысы С.Т. Төленбергенов және басқарма ұжымы Ақтөбе қаласы Россовхоз ауылының тұрғыны Нұржігітова Бибігүл Кабденқызының ұлы 6 жасар Жасұланды 1 сыныпқа баратынымен құттықтап, басқарма тарапынан мектеп формасын, оқуға қажет құрал-жабдықтарды сыйға тартты.