Құрылысшылардың кәсіптік төл мерекесі

Жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісі күні Құрылысшылардың кәсіптік төл мерекесі тойланады.Сол себеппен ағымдағы жылдың 12 тамызында облыс әкімінің орынбасары Ж. М. Бексарының және Ақтөбе қаласының әкімі И.С. Испановтың қатысумен мерекелік шара өтті.
Ақтөбе облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі болып табылады. Құрылыс кешені өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз елеулі үлесін қосуда. Бүгінгі күні, «Құрылыс» саласында тіркелген кәсіпорындардың саны 2306 бірлікті құрайды, оның ішінде 1403-і нақты әрекет етуші ұйымдар. Бұл ғимараттар мен құрылғылардың құрылысымен тікелей айналысатын мердігерлік құрылыс ұйымдары, сонымен қатар құрылыс индустриясының кәсіпорындары. Құрылыс кешенінде 10,0 мыңнан астам адам қызмет атқаруда. Өткен жылмен салыстырғанда саладағы орташа еңбек жалақысы 2,6 пайызға өсіп, 95,8 мың теңгені құраған.
Облыстың құрылысшыларымен 2015 жылы және 2016 жылдың 1 жартыжылдығында өңіріміздің экономикасы үшін аса маңызды нысандардың құрылысы жүргізіліп, іске қосылды, мәселен: Ақтөбе қаласындағы «Каспий Плюс» ЖШС-нің өндірістік-өнеркәсіптік кешені; Ново-Альджанск комбинаты үшін макарон цехының құрылысы; Хромтау ауданындағы «Игданит» ЖШС-нің әктас өндіру бойынша зауыты; Алға ауданындағы «Актеп» ЖШС-нің ет комбинатының құрылысы; Мұғалжар ауданындағы «КазИнрусТрейдинг» ЖШС-нің мұнай өндіретін кіші зауыты; Ақтөбе қаласының Жаңа-Қоныс ауылындағы 600 орынға арналған орта мектеп; Ақтөбе қаласының Өрлеу ауылындағы 270 орынға арналған орта мектеп; Ақтөбе қаласындағы 150 орынға арналған балабақша.
Бүгінгі іс-шара барысында құрылыс саласындағы ерен еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Құрметті құрылысшысы» омырауға тағатын белгісімен саланың 5 маманы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының алғыс хатымен саланың 45 маманы марапатталды.
Ақтөбе қаласы әкімінің алғыс хатымен саланың 25 маманы марапатталды.
«Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шарушылығының кәсіподақ қызметкерлері» мекемесінің алғыс хатымен саланың 1 маманы марапатталды.
Қазақстан құрылысшылар одағының алғыс хатымен саланың 4 маманы марапатталды.