7 тамызда "Нұр Отан" ХДП ғимаратында құрылысшылар күніне арналған іс-шара өтті

7 тамызда "Нұр отан" ХДП ғимаратының кіші залында облыс аумағында әрекет ететін құрылысшыларды марапаттау шарасы өткізілді. Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Кемалова Роза Кеңесқызы, құрылыс басқармасының басшысы Қ.Нұршин, мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының басшысы Б.Пірімбетов, Құрылыс кәсіподағы төрағасы Пфаненштиль, Р.Беріков, 80-ге жуық құрылысшылар және құрылыс саласының ардагерлері қатысты. Бұл іс-шарада облыстың 6 құрылысшысына "Құрметті құрылысшы" медалі табыс етілді. Сонымен қатар, облыстың 10 құрылысшысы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Грамотасымен марапатталды. Облыс әкімінің алғыс хаттарымен 50 құрылысшы марапатталды. Сонымен бірге сала ардагерлеріне сыйлықтар табыс етілді. Кәсіподақтың атынан 20 жуық құрылысшы әртүрлі сый-сыйапатқа ие болды.
Список в МНЭ русс.doc