Жаңалықтар

29.10.2015
Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының өндірістік бөлімінің мамандары "Ақтөбе қаласында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы" (байланыстыру) нысанын қарауға шықты.

Нысанды қарау мақсаты: нысанның құрылыс барысын қадағалау.
28.10.2015
"Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында "Сүт-тауар фермасына қатты және шырынды жемшөптің өндірісін көбейту мақсатында суармалы жер ауданын үлкейту" нысанын Құрылыс басқармасының өндірістік бөлімінің маманы мен "Айс" ЖШС директоры қарап қадағалау үшін шықты.

Қарау мақсаты: Нысанның қысқы кезеңіне дайындығын бақылау болды.
27.10.2015
Басқарма басшысының орынбасары М. Мұқаев және өндірістік бөлімінің маманы 2015 жылдың 27 қазанында сағат 11-00-де Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ. Есқалиевтің қатысуымен өткен бейнеконференцияға қатысты.

Бейнеконференцияда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу сұрақтары талқыланды.
26.10.2015
Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының басшысы Қ. Нұршин бөлім басшыларымен жиналыс өткізді, сайтты және оның бөлімдерін күн сайын жаңарту бойынша мәселе қаралды.

Құрылыс басқармасының басшысы Қ. Нұршин басқарманың әр бөлімін кезекпен атқарылған жұмыстары туралы жаңалықтарды сайтқа орналастыруға міндеттеген.
23.10.2015
Басқарма басшысы тұрғын үйлер құрылысы бойынша ішкі резервтерді табу мәселесін пысықтау жөнінде жиналыс өткізді

Қазіргі таңда "Самұрық-Қазына" ЖМ Қорымен облыста тұрғын үйлер құрылысын жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр
22.10.2015
Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары К.Тұрымов үй құрылысы комбинатын жүктеу мәселесі жөнінде жиналыс өткізді

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақтөбе облысында ірі панельді технология бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізуді жоспарлаған үй құрылысы комбинатын пайдалануға беру көзделіп отыр.
21.10.2015
Басқарма басшысының орынбасары К.Тұрымов индустриалдық аймаққа барды

Инзонаның барлық нысандарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электр қуатымен жабдықтау жүйесін іске қосу-реттеу қажет.
20.10.2015
Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М.Мұқаев аудандық құрылыс бөлімдері басшыларының қатысуымен коллегия өткізді.

Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 2015 жылғы 3 тоқсанның қорытындысына тоқталды.
19.10.2015
Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары К.Тұрымов 9 айдың ішінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша жиналыс өткізді.

2015 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша 297,5 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 101,1 пайызды құрайды
16.10.2015
Құрылыс басқармасының басшысы "ҚИК" АҚ арқылы қосымша тұрғын үйлерді сатып алу жөніндегі жиналысқа қатысты

2015 жылғы 16 қазанда Ақтөбе облысына "ҚИК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Акчурин мырза іссапармен келді.
15.10.2015
Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев және Құрылыс басқармасының басшысы Қ. Нұршин, басқарма орынбасары К. Тұрымов сонымен қатар Өндірістік бөлімінің басшысы Е. Сукашев "Индустриалды аймақ" нысанын қарауға шықты.

Нысанды қарау мақсаты: Индустриалды аймаққа инженерлік желілерді жеткізуін қадағалау.
14.10.2015
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ. Есқалиев тұрғын үй құрылыс саласындағы ішкі резервтерді қарастыру туралы кеңес өткізді..

Ақтөбе қалалық жер қатынастар бөлімімен бірге коммерциялық тұрғын үйлер құрылысы үшін коммерциялық құрылыс салушыларға жер участкесін бөлу туралы мәселені қарастыру тапсырылған.
13.10.2015
Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының басшысы Қ. Нұршин бөлім басшыларымен бірге кеңес өткізді, күн тәртібінде бюджеттік қаражаттардың игерілуі, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері талқыланған, Әр бөлімнің басшысы атқарылған жұмыстары туралы есеп

, Құрылыс басқармасының басшысы барлық қаржыландыру көздері бойынша бөлінген бюджеттік қаражаттарды игеру бойынша бақылауға алуды және 10 айлық тұрғын үйді енгізу бойынша көрсеткіштерді бақылауға алуды тапсырды.
12.10.2015
Өндірістік бөлімінің басшысы Е. Сукашевпен Техникалық қадағалау директоры Б. Жұмағұлов бірге Ақтөбе облысындағы Жаңақоныс ауылындағы "ХҚО" салынып жатқан нысаны бойынша кезексіз тексерісін өткізді.

Құрылыс жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде, нысанды ағымдағы жылдың 1 қараша тұрғысы бойынша пайдалануға тапсыру жоспарланған.
09.10.2015
Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының басшысы Қ. Нұршин және облыстық мәслихаттың хатшысы С. Қалдығұлова Алға қаласындағы "Молочные истории" ЖШС нысанын қарауға шықты.

Ақтөбе облысы бойынша ұлттық Қор қаражатының есебінен қаржыландырылатын "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын нысандарды қарау мақсаты болды.

Беттер